Тынық мұхитта канадалық әскери кеме отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Тынық мұхитта жүзіп жүрген канадалық әскери-теңіз күштерінің кораблі өртенді.

Бұл туралы елдің әскери ведомоствосының өкілі мәлім етті. Төтенше жағдай Гаваяда орналасқан америкалық Перл-Харбор базасынан солтүстік-шығысқа қарай 630 шақырым жерде, кеме Ванкубер аралындағы өз базасына бара жатқан кезде болған.

Өртті сөндірудің сәті түсті, бірнеше экипаж мүшелері зардап шекті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.