Оның иесі иттің жоғалғанын анықтап, бірнеше күн бойы іздеген. Бұл жұмыстар нәтижесіз болғандықтан, 20 ақпанда Facebook-тегі парақшасында Луна өлуі мүмкін деп жазды. Алайда осыған дейін ол Сан-Клемент аралындағы әскерилерге күшік жоғалғаны жайлы ескерткен.
15 наурызда әскерилер жолда тұрған Лунаны тапты. Оны тексерген ветеринар иттің арығаны болмаса, жағдайы біршама тәуір екенін айтты. Шамасы, Луна бір айдай ұсақ кемірушілер мен балықтарды азық еткен.
Әскерилер итті иесіне қайтарды, деп жазды planet-today.