Тынық мұхиттың үстінде жолаушы ұшақ есігін ашпаққа әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Qantas әуе компаниясының жолаушысы Тынық мұхиты үстінен ұшып бара жатқан лайнер салонынан шығуға әрекеттенді, деп хабарлайды The Advertiser.

Оқиға Лос-Анджелестен Сиднейге бағыт алған рейстердің бірінде болған. Қонуға 1 сағат қалғанда 49 жастағы АҚШ азаматы Мануэль Гонсалес (Manuel Gonzalez) 12 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың есігін ашуға әрекеттенген. Оны орнына отырғызып, ұшақ жерге қонғанша төрт әуе жолсерігі күзеткен. Ұшақ жерге қонған соң, экипаж Гонсалесті полицияға тапсырды.

 Жолаушыға әуе кемесіне қауіп төндіретін әрекетке барды деген айып тағылды. Гонсалес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот 15 наурызға белгіленіп отыр.