Associated Press-тің хабарлауынша, Sincerity Ace жүк кемесі экипажының 16 мүшесі құтқарылды. Төрт теңізші қаза тауып, тағы біреуі із-түссіз жоғалған.
Бортына 5200 автомобильді сыйдыратын кемеде 3804 көлік болды. Соның ішінде 3500-ы - Nissan маркалы.
«Қазіргі кезде бізде көліктердің жағдайы туралы ақпарат жоқ. Біз экипаж мүшелері мен құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отырмыз», - деп жазады Nissan өкілдерінің сөздерін Automotive News.
Жоғалып кеткен теңізшіні іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Кемедегі өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.