ТАСС агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 5,5 жер сілкінісі Жаңа гвинея аралы маңында теңіз түбінде болды. Оның кіндігі Папуа-Жаңа Гвинея жағалауынан шығысқа қарай 50 шақырымда, тереңдігі 198 шақырым жерде болған.
Осыдан кейін, 9 минуттан соң магнитудасы 5,1 жер сілкінісі Соломон аралдары тұсында болды. Оның кіндігі 60 шақырым тереңдікте жатыр. Зілзала ошағы Соломон аралдарының астанасы Хониарадан батысқа қарай шамамен 150 шақырым жерде. Аймақта цунами қаупі жоқ.