Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, бойына ізгілік үрдісін сіңірген қаламгерді алғаш болып аудан әкімі Руслан Рүстемұлы құттықтап, арнайы ықылас гүлін тарту етті.
Аталған мерейтой салтанатына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай, ҚЖО мүшесі, ақын Ә.Рахымбекұлы, ҚЖО Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын Қ.Есемсейітова, ҚЖО мүшесі А.Сәдікұлы, ҚЖО мүшесі, ақын М.Әміреұлы, ҚЖО мүшесі, ақын «Қоғам» телекомпаниясының директоры Ш.Әбдікәрімов пен ҚЖО мүшесі, ақын А.Сопбеков қатысты.
Кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қаламгердің жүріп өткен өмірі мен жеке шығармалығы жайында сыр шертетін әңгімел желісінен үзінді қойды. Шырайлы жүздесудің соңы сыр- сұхбатқа ұласты.