Бұл жерде тырнаққа косметологиялық әрекеттердің де теріс ықпалын тигізетінін ескерген жөн. Жағылған лак тырнақ жабынының саңылауларын бітеп тастайтындықтан, оған оттегі бармай, сол себептен де сарғаюы мүмкін. Әрі тырнақтың сынғыштығы да содан пайда болады.
Сондай-ақ адам ағзасына шылым шегу арқылы түсетін никотин де кері әсерін тигізбей қоймайды. Саусақ ұштарына жиналатын ол тырнақтың түсін өзгертеді. Мұндай жағдайда темекіден бас тарту ғана оның түсін қалпына келтіреді.
Тырнақтың табиғи түсінің өзгеруінің тағы бір себебі кальцийдің жетіспеушілігінен туындайды. Сонымен қатар бауыры, өкпесі сырқат немесе қант диабетімен ауыратын адамның да тырнағы сарғайып кетуі мүмкін.