Тырысқақ ауруы Гаитиден Венесуэлаға жетті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Доминикан Республикасынан оралған Венесуэланың бір топ тұрғындарының тырысқақ ауруын жұқтырғаны анықталып отыр, деп хабарлады 26 қаңтар, сәрсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы ақпаратты Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап, "Лента.ру" таратты.

Тырысқақ ауруының белгілері Венесуэла Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, Доминиканда отбасылық мерекеде болып қайтқан 21 адамда анықталған. Олардың барлығы да Каракастың жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сол іс шараға қатысқан тырысқақ ауруын жұқтыруы әбден мүмкін Венесуэланың тағы да 12 азаматы Доминикан Республикасы аумағында қалып отыр.