Айналаға жоғарыдан төмен қарағандағы визуалды картинаны қабылдаудың өзгеруін зерттеген жапондық ғалым Ацуки Хигасияма «Қабылдау» номинациясына лайық деп танылды. «Физика» жүлдесі қара құлпытастардың шегірткелердің назарын бірден аударатынын, сол себепті құлпытасқа дернәсіл тастап кететінін анықтаған Сьюзан Акессонға берілді.
«Көбею» номинациясындағы жүлде Ахмед Шафикке берілді. Египеттік ғалым зертханалық тышқандарға таза мақта мен жүннен жасалған синтетикалық шолақ дамбал кигізген. Бұл тәжірибе арқылы ғалым синтетикалық киімдегі жануарлардың сексуалды белсенділігінің төмендегенін анықтаған.
Айна алдында оң жақ дене бөлігін қасыған адамның сол жағында да қышу пайда болатынын анықтаған неміс зерттеушілері «Медицина» номинациясына ие болды.