Барвиханың Luxury Village концерттік залында аяқталған байқаудың ақтық сынына елдің елу ең әдемі қыздары қатысқан болатын деп хабарлайды ТАСС.
Жеңімпазға ақ алтыннан жасалған, гауһар тастармен және құны 1 миллион доларлық інжумен безендірілген тәж тапсырылды.
Марапатты ол Ресей аруы-2015 атағын иеленген София Никитчуктың қолынан алды.
Добровольская сондай-ақ 3 милион рубль, автомобиль және ең бастысы - «Бейбітшілік аруы» мен «Әлем аруы» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.