Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді
Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.
Енді оларға:
- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтер көрсету), салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.