Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің ауа райына байланысты ескертуі негізінде 14-16 маусым аралағында қалада жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлады.
Осыған орай, ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды.
«Тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдану;
- темекі шекпеу, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамау;
- күн сәулесінде бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау және шөптің үстіне от жақпау қажет», - деп ескертті ТЖД-да.