АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала мен тауларда қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде қала мен тауда қатты жауын-шашын күтілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, тауларда оңтүстік – батыстан 18-23 м/с жел соғып, 30 наурызда түнде тауда тұман болатыны туралы хабарлады.
«Қалада қазір жел басталды. Қатты жаңбыр күтіледі. Автокөлік иелерінен көліктерді ағаштардың астына қоймауды сұраймыз»,- деп ескертті қалалық ТЖД-да.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.