Белгілі болғандай, көлік жүргізіп келе жатқан қостанайлық азамат бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кетіп, ТЖД көлігіне соғылған.
«Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен, М. есімді азамат әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жауап берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тіркелген сақтандыру компаниясы Департамент алдында бір сақтандыру жағдайы бойынша 600 айлық есептік көрсеткіш түріндегі жауапкершіліктің шекті көлемін төледі. Бұл 2017 жыл үшін 1 361 400 теңгені құрады. Сот отырысында арыз беруші екінші тараптан 1 146 621 теңге көлемінде қаражат төлеуін талап етті», - деді соттағылар.
Нәтижесінде сот ТЖД-ның 1 146 621 теңге көлемінде материалдық шығынды өндіріп алу жөніндегі арызын қанағаттандырды.