ТЖД православ мерекесі кезінде суға түсуге орай қауіпсіздік шараларын қолға алуда - Астана

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті шоқынып суға түсу православ мерекесі кезінде суға қауіпсіз шомылу үшін Есіл өзенінің қалалық саябақ ауданында 19 қаңтардың 00.00 сағатынан 20 қаңтардың 00.00 сағатына дейін арнайы орын ұйымдастырылып,

судан құтқару қызметі, медицина апаттық орталығымен тәулік бойы кезекшілік атқаратынын хабарлайды.

Мұз астына адамның кетіп қалмауы үшін арнайы қорғау құралдарымен, яғни 1,5 м. тереңдігі торқапшықпен жабдықталған.

Астана қаласы ТЖД ойықта суға шомылу кезінде ағзаның тоңазытуын болдымау үшін суда ұзақ болмауды, ішімдік ішіп суға түспеу керектігін ескертеді. Аурушаң жағдайдағы азаматтардың алдымен дәрігермен кеңескені жөн.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Есіл өзенінде шоқынып суға шомылу кезінде әкімшіліктің жабдықтаған орыннан ары қарай тұрғындардың өз еріктерімен ұйымдастырған жерде 1950 жылы туған азамат қайтыс болды. Өлім себебі жүрек ауруына байланысты болған көрінеді.