«Тәжірибе төтенше жағдайлар саны демалыс және мереке күндері ұлғаятынын көрсетіп отыр. Бұл қалыптасқан ауа райы жағдайларын ескерместен тұрғындардың автокөлікпен басқа өңірлердегі туысқандарына баруына және демалыс кезінде қырағылықтың төмендеуіне байланысты», - дейді комитет төрағасы.
Оның атап өтуінше, 1 желтоқсанда еліміздің батыс облыстарында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.
«Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, смс-хабарламаларды бақылап отыруға кеңес береді. Ауа райының нашарлауы мен автожолда автокөлік қозғалысына шектеу енгізілген кезде алыс сапарға шықпаңыздар», - деді В.Беккер.