ТЖК: Қазақстанның шығысында күн күрт суытады
21:38, 11 Қаңтар 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қаңтарда Қазақстанның шығысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтында хабарланды.
«11 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында түнде 23-25 градусқа дейін аяз болады, кей жерлерде - 33»,- делінген хабарламада.