ТЖМ Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа-райы күрт бұзылады деп ескертеді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 5-7 қазан аралығында Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа-райы күрт бұзылып, жауын-шашын жауып, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады,

ауа температурасы 5-10 градус, кей жерлерде 13 градус жылы болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана қаласында 5-7 қазан күндері ауа райы күрт өзгеріп, жауын-шашын жауады, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрып, ауа температурасы 10 градус жылылыққа дейін төмендейді.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындарға байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.