Алматы облысында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің сел қаупі жоғары тау көлдерінің жай-күйін бақылауға және мониторинг жүргізуге арналған биік таулы бекеттері жұмысын бастады.
Маусымдық бекеттерді орналастыру гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге, ықтимал өзгерістерді уақтылы анықтауға және қауіп төнген жағдайда жедел ақпарат беруге бағытталған.
Мұнда мамандар сел қаупі кезеңінде аса қауіпті тау көлдерінің жай-күйін тәулік бойы бақылап, үздіксіз мониторинг жүргізетін болады.
Айта кетелік Алматының таулы аймақтарында 4-5 шілде күндері сел қаупі жоғары болатыны туралы жазған едік.