ТЖМ Алматыдағы лай көшкіні туралы: Ол маңда қайта көшкін болмайды

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы лай көшкінінің салдарын жою жұмыстары әлі бітпегенін айтты.

Фото: ТЖМ

«Қазір әкімдікпен бірге апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына лай көшкіні қайта келеді дейтіндей қауіп жоқ», - деді ол.

Министр көшкіннің негізгі себебі алғашқы болжамнан алшақ емес екенін атап өтті.

«Алдын ала зерделеген факторларға келсек, құбыр жарылған. Мамандар осы нұсқаны пысықтап шықты. Комиссия өз қорытындысын береді. Бірақ біз оқиға құбырдың жарылуынан болды деп ойлаймыз», - деді Шыңғыс Әрінов.