ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін сел қаупі бар учаскелерді тексерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жер сілкінісінен кейін өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел қаупі жоғары аймақтарға тексеру жүргізді.
Сондай-ақ мекеме мамандары тіршілікті қамтамасыз ету нысандары аралап, олардың техникалық жағдайыны бағалады.
Тексеру нәтижесінде зақымдану анықталған жоқ. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
— Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, Алматы тұрғындары бүгін, 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:11–де жер сілкінісін сезді.
Алматылықтар жер асты дүмпуі кезінде ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтты. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі бұған қатысты ресми түсінік берді.