Өрт шыққан жерде Талдықорған орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау, Алматы облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмыс жүргізуде. ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы су шашып жатыр.
Оқиға орнында штаб ұйымдастырылды. Үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық - штабтық машина, аэровизуалды бақылау үшін-пилотсыз - ұшу аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.
Өртті сөндіруге барлығы 105 адам, 17 бірлік техника, 8 мотопомпа: Алматы облысы ТЖД 51 қызметкер, 10 бірлік техника және 4 мотопомпа, Талдықорған орман шаруашылығынан 35 қызметкер, 5 бірлік техника және 4 мотопомпа, Қазавиаорманқорғау мекемесінен 5 қызметкер және жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер мен 2 бірлік техника, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ 1 борт тікұшағы және 4 адам экипаж жұмылдырылды.
Ескелді ауданының әкімдігі өртті сөндіруге жұмылдырылған адамдарға ыстық тамақ ұйымдастырды.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен - Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте сағат 15.19-да Алматы облысы Ескелді ауданының Қора шатқалында Талдықорған орман шылығының аумағындағы алтыншы омарта ауданында жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұталар, аралас орман жанған болатын.