Уақтылы көмек көрсету үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Қысқа уақыт ішінде экипаж ауданға ұшып шықты. Нәресте дәрігерлердің сүйемелдеуімен Қызылордаға жеткізілді.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол мамандардың бақылауына алынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі сәби санавиациямен Қостанайға шұғыл жеткізілгенін жазғанбыз.