Министрліктің мәліметінше, биыл шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 93 адам суға батып қаза болған. Оның 30-ы – кәмелетке толмағандар.
– Олардың барлығы ересектердің қарауынсыз болған. Балаларды қараусыз қалдыру судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себептерінің бірі саналады, – делінген министрліктің жауабында.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы жағдайларға шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, жүзе білмеу, өз күшін асыра бағалау және алкогольдік мас күйде суға түсу себеп болады.
Айта кетейік, министрліктің мәліметінше, биыл суға кеткендердің көбі тыйым салынған жерде көз жұмған.