«Бизнеске әкімшілік қысым түсіру жұмысы жүзеге асуда: рұқсатнама қағаздарын беру, жоспарлы және жоспарсыз тексерістерді қысқарту, халыққа мемлекеттік қызметті көрсету көзделіп отыр. Қазіргі таңда ТЖМ беретін 199 рұқсатнама қағаз 168-ге дейін қысқарды», - деп хабарламада нақтыланған.
ТЖМ өрт және өндірістік сала бойынша 6 мемлекттік қызмет түрін ұсынып отыр.
Оған қоса ТЖМ қызметіне қауіппен қызмет істеу жүйесі енгізілуде. Ол тексерістерді қысқартады. Қорытындысында өрт сөндіру қызметі бойынша тексеріс саны өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға, яғни 2 есеге қысқарды.
11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті тексеру шараларын қысқартып, кәсіпкерлікті қолдауды дамытуға тапсырма берген.