Қауіптің алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:
- Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз, бірнеше қуатты электр құрылғысын бір уақытта қоспаңыз;
- Тек жарамды розеткалар мен электр сымдарын пайдаланыңыз;
- Электр жылытқыштары мен зарядтау құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- Күйік иісі шықса, ұшқын байқалса немесе розетка қызып кетсе, электр қуатын дереу ажыратыңыз;
- Электр құрылғысы жанған жағдайда оны сумен сөндірмеңіз. Алдымен электр қуатын өшіріп, кейін өрт сөндіргішті немесе тығыз матаны қолданыңыз.
— Электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі екендігін есте сақтаңыз! — дейді мамандар.
Бұған дейін елорда хостелдерінде өрт қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізілгенін жазғанбыз.