ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогында 9 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Бурса қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша Әлем кубогының финалында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері тоғыз медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдалар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық құтқарушылар екі алтын, бір күміс және алты қола медальға ие болды.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Жекпе-жек» дисциплинасында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкері Айшағұл Елеубаева алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ бұл сайыста Азаматтық қорғаныс академиясынан Арман Төлебай мен Ералхан Казезов, Атырау облысы ТЖД өкілі Аида Хайруллина, Қызылорда облысы ТЖД өкілі Сания Болатбек және Астана қаласы ТЖД өкілі Назерке Ғалым қола жүлдегер атанды.

«Өзін-өзі қорғау» дисциплинасында Павлодар облысы ТЖД қызметкері Владимир Демьянов алтын медаль еншілесе, Астана қаласы ТЖД өкілі Өміржан Тукушев күміс жүлдеге ие болды. Ал Азаматтық қорғаныс академиясының өкілі Дархан Қасымов қола медаль алды.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осыған дейін Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионат жеңімпаздары анықталды