ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен үш адамды эвакуациялады

Фото: видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Кеше кешке Алматы облысы Талғар ауданында 3300 м биіктікте орналасқан Шымбұлақ шыңынан түсіп бара жатқан кезде 24-25 жас аралығындағы үш ер адам өздерін нашар сезініп, 112 нөміріне хабарласқан. 

Олар өздері орналасқан жерінің координаттарын жіберіп, құтқарушылардың келуін күтті.

Медеу бекетінен ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы дереу көмекке аттанып, Безымянное шатқалына дейін келіп, әрі қарай геолокацияда белгіленген жерге дейін жолын жаяу жалғастырды.

Тәуліктің қараңғы уақытында таулы аймақтағы туристерді тауып, оларды «Шымбұлақ» таулы шаңғы курортына дейін аман-есен эвакуациялады.

Айта кетелік құтқарушылар Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес айтқан еді