ТЖМ қызметкерлері отқа оранған ғимараттан 15 адамды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігіндегі ғимаратта болған өрт кезінде 15 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ астаналық басқармасының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

Сағат 23:50 Михалковская, 42 көшесіндегі екі-үш қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Алдын ала болжам бойынша от ошағы екінші қабаттан шыққан, ғимараттан 15 адам шығарылды.