ТЖМ мамандары қамалып қалған 4 баланы құтқарды

Фото: Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM - Кешкі уақытта ТЖМ 112 пультіне құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы екі хабарлама түскен.

- Бірінші оқиға Орал қаласы Гагарин көшесі бойындағы үйлердің бірінде орын алды. 2023 жылы туған сәби пәтерде құлыпталып қалған. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы анасына тапсырды, - деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, екінші оқиға Абай облысының Жезкент кентінде болған, ТЖМ құтқарушылары 2013, 2016, 2024 жылдары туған балларға көмекке келді. Құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты.

Екі жағдайда да балалар зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, ТЖМ мамандары Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болатынын мәлімдеді.