ТЖМ мамандары терек мамығының қауіпті екенін ескертті
17:33, 14 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Жаздың басталса, аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады.
Дерекке қарағанда, ол тез тұтанғыш келеді, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін.
- Мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, көліктерге, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады, - деп жазды ведомстводан.
ТЖМ кеңес береді:
- Егер сіз біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, өтіп кетпей тоқтап, түсіндіріңіз, қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақырыңыз.
- Балалармен сөйлесіңіз, отпен ойнау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.
- Үйлердің, гараждардың, дүкендердің маңын жиналған мамықтан тазартыңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!
- Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: рұқсат етілмеген жерлерде темекі шекпеңіз, құрғақ жерлер мен мамықтың жанында ашық от жақпаңыз.
- Өртті сөндіруден оның алдын алу оңайырақ. Бейжай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.
Айта кетейік, БҚО-да 800 млн-ға жуық теңгеге өртке қарсы техника сатып алынбақ.