«Іздеу-құтқару операцияларын жүргізу және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін ТЖМ жеке құрамының 10 мыңнан астам адамы және шамамен 2 мың техникасы дайын. Оның ішінде су сорғыш станциялар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, жол талғамайтын көліктер, жылжымалы және тіркемелі мотопомпалар, сондай-ақ жүзу құралдары бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, су тасқыны жағдайы күрделенсе, ТЖМ-нің қосымша құтқару күштері де әзірлікте. Мәселен, су тасқыны қаупі аз аймақтардың күштері мен құралдары қауіпті аумақтарға жіберілетін болады. Олардын арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қоғау академиясының жоғары курс курсанттары да бар. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мамандандырылған және инженерлік техника, жедел резервтің мүлкі де әзірлікке келтірілді. Қажет болған жағдайда шатырлы лагерьлерді жеткізуге және құруға дайын тұр.
«Күштерді тасымалдау және зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының әуе кемелері тұрақты дайындықта болады», - деді Қаһарман Оразалин.