ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеруге кәсіпорын басшылығы қатысты. Министр хром кенін өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларымен танысты.
Шахтаға түсер алдында министрге аварияларды жою жоспары, жеке өзін-өзі құтқару құралдарын пайдалану тәртібі және қауіпті аймақтан шығу бағыттары таныстырылды.
Диспетчерлік бөлімде жұмысшылармен байланыстың қалай қамтамасыз етілетіні және авариялық дабыл кезінде диспетчердің қандай әрекет жасайтыны көрсетілді.
Одан кейін ТЖМ делегациясы минус 400 метр деңгейіне түсті. Мұнда газсыздандыру камерасы тексеріліп, газды бұру үшін ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының барысымен танысты. Минус 480 метр деңгейінде министрге кен өндіру учаскесі, желдету жүйесінің жұмысы, жарықтандыру және байланыс құралдары көрсетілді.
Қызметкерлер мен техниканың орналасқан жерін персонал мен техниканы позициялау жүйесі (ППТЖ) бақылайды. Оның деректері диспетчерлік бөлімге келіп түсіп, MinePass бағдарламасында көрсетіледі. «Луч-4» шамдары жер астындағы адамдардың орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.
Газ жағдайын стационарлық «Сенсон» газ талдағыштары бақылайды, ал қосымша өлшеулерді газ өлшеушілер мен тау-кен шеберлері жүргізеді. Ықтимал авария кезінде адамдардың орналасуы және ауа құрамының жай-күйі туралы мәліметтер шахта қызметтеріне тау-кен қазбаларындағы жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
Осыған дейін Димаш Құдайберген Қарағандыда шахтаға түсіп, балалармен және суретші Күйіковпен кездескенін жазғанбыз.