«Өрт қаупі бар маусым алдында саладағы техника мен құрал-жабдық тапшылығы қандай?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
Нұрболат Дербісовтің мәліметі бойынша, өрт сөндіруші жасақтардың иелігінде түрлі функционалдық мақсаттағы 3000-нан астам өрт сөндіру техникасы бар.
«Қазіргі таңда өнт сөндіру құрамының жабдықталу деңгейі – 80 пайыз. ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің техникалық паркін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген ақшаның мөлшеріне қарай жүріп жатыр. Кейінгі 3 жылда бізді бұл тұрғыда жергілікті әкімдіктер де, республикалық бюджет те жақсы қолдап отыр.
Кейінгі 3 жылда 600-ден астам өрт сөндіру техникасын алдық. Биыл 86 техниканы республикалық бюджет арқылы, 100 техниканы жергілікті бюджеттер қолдауымен аламыз. Техникамен жабдықтау мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп жатыр деп айтуға болады. 2018-2019 жылдармен салыстырсақ, кейінгі үш жылда жақсы алға жылжу бар», - деді ТЖМ өкілі.