Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында жақын орналасқан монша өрттен құтқарылды.
Сонымен қатар, өрт сөндіру барысында ТЖМ күштері жалын аумағынан газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.
Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Павлодарда сүт зауыты өртенді.