Баланы Қызылордадан Алматыға санавиациямен жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ авиаборты науқас баланы Қызылордадан Алматыға  шұғыл тасымалдады. 

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының бейінді медициналық мекемелерінің бірінде мамандандырылған медициналық көмек қажет болған 2019 жылы туған қыз баланы шұғыл эвакуациялау қажет болды.

Фото: ТЖМ

Әуе кемесінің бортында баланы анасы, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері алып жүрді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақ экипажының және санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу штаттық режимде және қиындықсыз өтті.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

ТЖМ ұшағы Алматы әуежайына қонды, одан кейін қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына мамандардың бақылауымен одан әрі тексеру және емдеу үшін берілді.

Айта кетелік ТЖМ санавиациясының көмегімен көкшетаулық кішкентай науқас құтқарылған еді