ТЖМ сарбаздары сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерін игереді

Қазақстан ТЖМ әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерін игереді

Фото: ТЖМ

2025 жылды жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі әскери қызметшілерді қажетті мамандықтарға оқытуды жалғастыруда.

Фото: ТЖМ

Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі, Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледжі және Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты арасында жасалған меморандум негізінде мерзімді әскери қызметшілер, аспазшы, автомеханик, слесарь, шаштараз, газ дәнекерлеуші, электрик сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтеді.

Фото: ТЖМ

Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер біліктілік туралы куәлік алады, бұл оларға мансаптарын сенімді құруға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

— Біз жастарды әскери қызметке дайындап қана қоймаймыз, сондай-ақ оларға болашақ үшін берік негіз болатын білім мен дағдыларды үйретеміз. Бұл олардың армиядан кейінгі кәсіби қалыптасуы мен табысты өміріне қосылатын маңызды үлес, — деп атап өтті төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов.

Қазақстан ТЖМ бастамасы жастарды қолдауға және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, олардың одан әрі кәсіби өсуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.

Осыған дейін жұмысшы мамандық иелеріне қай салада көп айлық төлейтінін анықтадық.