ТЖМ: ШҚО шахтасында қоқыстың өртенуіне байланысты 130-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
09:51, 29 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер-Сокольный кен орнында қоқыс өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз орталығынан.
Шахтадан (горизонт - 16 ) сағат 04.45-те 132 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алау 05.10-да ауыздықталып, 06.24-те сөндірілді. Өртпен күреске ҚР ТЖМ Лениногор әскери тау-құтқару жасағы жеке құрамының 30 қызметкері жұмылдырылды. Жалын 9 м2 аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.