деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«6 маусымнан бастап іс шара аяқталғанға дейін саммитке қатысушылар тұратын және іс-шара өткізілетін орындарда инспекторлық құрам, өрт сөндірушілер, медициналық бригадалар тәулік бойғы кезекшілікті қамтамасыз ететін болады», - делінген таратылған ақпаратта.
Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумына, ШЫҰ мемлекет басшылары саммитіне дайындық үшін ИКҰ Сыртқы істер минстрлерінің кеңесі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабын құрған болатын.
Ведомствоның атап өтуінше, ШЫҰ саммитіне қатысушылар тұратын және аралайтын нысандардың жай-күйін зерттеу үшін кешенді шаралар жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар ҚР ҰҚК мен ІІМ өкілдерімен бірлесіп, қонақтар жүретін жолдардың бойындағы өрт және жарылыс қауіпі бар нысандар, жарылғыш, улы, химиялық заттар сақтауға ыңғайлы орындар зерттеледі.