«Қазіргі таңда Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы 7 өнеркәсіп кәсіпорны министрліктің бақылауына алынған. Бірінші жартыжылдыққа арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның №1 жылу-электр орталығында және «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-ның жылу-электр орталығында тексеру жүргізіледі», - деді ол.
Сондай-ақ, ол бірнеше өнеркәсіп алпауытында тексеру жоспарланғанын айтты.
«Мамыр айында «Ақсу ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» трансұлттық компаниясы АҚ филиалында тексеру жоспарлануда.
Екінші жартыжылдыққа «Nova Цинк» ЖШС (Ақжал кенті), Хромтау қаласындағы «Қазхром ТҰК» АҚ-ға қарасты Донской таукен байыту комбинатының филиалында, «Екібастұз ЭГРЭС-2 станциясында» тексеру жоспарланған», - деді министр.