Отырысқа мүдделі мемлекеттік орталық органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, облыс әкімдері, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің барлық өңірлік бөлімшелерінің басшылары қатысты.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-миинстрі Ж.Смайыловтың айтуынша, 2011 жылдың есепті кезеңінде және 2012 жылдың бірінші тоқсанында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде 1976, облыстық комиссияларда - 193, қалалық комиссияларда 418, ал аудандық комиссияларда 1368 жиын өтіп, онда төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланған.
Алқалы жиын қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар мен оқиғаларды барынша азайту, адамдар шығыны мен материалдық шығындарды төмендету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.