Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ТЖМ сәуір айынан бастап ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеруде. Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресеймен шектес өңірлерінің (Астрахань, Омбы, Орынбор – 2, Волгоград, Челябі, Новосибирск, Тюмень, Қорған, Омбы облыстары және Алтай өлкесі) ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп, 9 тактикалық оқу-жаттығу жоспарланды. Онда негізгі тактикалық тәсілмен қатар трансшекаралық өрттерді жою кезінде өрттен құтқару қызметтерінің мемлекеттік шекарадан жеңіл өту тәртібі пысықталатын болады», - дейді ТЖМ-ның Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, елдің орманды дала алқаптарында профилактика шараларын жүргізу үшін ТЖМ-мен Мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі өкілдерінін тұратын мобильді топтар құрылды.
«Бұл топтар 1 сәуірден бастап 805 рейд жүргізіп, 286 азаматты жауапқа тартты», - дейді ол.