ТЖМ үйде өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді

Фото: Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ мамандары үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету керектігін мәлімдеді. 

Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;

Өрттің өршуінің бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т. б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;

Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;

Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;

Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде қай кезде де таза ауа болады.

Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;

Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз. 

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ұмытпаңыз», — деп ескертті мамандар.