Министр атап көрсеткендей, қазіргі кезде мамандардың кәсіби дайындығы осы саланың басты мәселесіне айналды. Себебі республикада төтенше жағдайлар қызметі бойынша дайындайтын және қайта даярлайтын арнайы оқу орындары тапшы. «Мәселен, 9 млн. халқы бар Беларусьта төтенше жағдайлар бойынша екі жоғары оқу орны білім берсе, 17 млн. азаматы бар Қазақстанда тек Көкшетау техникалық институты ғана жұмыс істейді. Сол себепті бізге кәсіби мамандар жетіспейді. Қазіргі кезде бізде заманауи оқу орнын салу бойынша тиісті ұсыныстар бар. Эскиздік жоба да дайын», - дейді В.Божко.
Сондай-ақ ағымдағы жылы министрлік Көкшетау техникалық институтында қосымша екі мамандық бойынша білім беруді қолға алды. Ол - төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс және азаматтық қорғаныс. Мәселен, азаматтық қорғаныс бойынша химиктер мен радиациялық қорғаныс бойынша арнайы мамандар даярланбақ.