Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұ.Байжанов әр жылдары мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс жасады. Атап айтқанда, Алматы қалалық атқару комитетінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, ҚР Бас прокуроры Апаратының басшысы қызметтерін атқарды.