У.Чавес: мұнай баррелінің бағасы 90-100 долларға өсуі мүмкін

None
КАРАКАС. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Мұнай баррелінің бағасы 90-100 долларға дейін өсуі мүмкін, деп санайды Венесуэла Президенті Уго Чавес.
Чавес «жақын арада мұнай баррелінің бағасы 75-80 долларға жету ықтималдығы туралы Саудия Арабстанының бағасымен толық болмаса да, келісетінін» атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Венесуэла басшысының пікірінше, «қазіргі уақытта бұл әділ баға», Дейтұрғанмен, ол мұнай бағасының өзі болжаған деңгейге қашан жететінін нақтылаған жоқ.