«Еліміздің қайта өңдеу саласына ерекше назар аударылатын болады. Отандық мұнайды қайта өңдеу қуатын 2030 жылға қарай 20 млн. тоннаға жеткізу көзделуде. Бүгінде ол көрсеткіш жылына 14 млн. тоннаны құрап отыр», - деді министр.
Оның атап өтуінше, елімізде шығарылатын мұнай өнімдерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру басты міндеттердің бірі. Сондықтан да қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан зауыттарда мұнайды қайта өңдеу 90 пайызға жеткізілетін болады.
«Бұл реттегі маңызды жобалардың бірі Шымкент мұнай өңдеу зауыты кешенін одан ары кеңейту болмақ. Сонымен қатар отандық зауыттар үшін қор базасына, әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында мұнай өнімдерінің бәсекелесті қазақстандық нарықта қызмет ету мәселесіне баса назар аудару қажет», - деді Ұ.Қарабалин.