Жиынға облыстық комиссия мүшелері, облыстық прокуратура, Әділет департаменті мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде әлеуметтік жетімдікті және кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізуі мақсатында лагерлермен қамтылуы туралы 3 мәселе қаралды. Әсіресе жазғы демалыс кезінде балалардың сабаққа дейін толыққанды демалысуы жағдай жасау барлық жергілікті билік органдарының басты парызы екені аталып өтті. Сонымен қатар, олардың көшеде бос сенделіп жүріп, әртүрлі құқық бұзушылыққа ұрынбауына тиісті мүдделі ұйымдармен қатар ата-аналары жауапты екендігі де баса айтылды.
Мәжілісте облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Е.Бұрханов, облыстық жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Зұлпыхаровтың баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашыларды тыңдаған Ұ.Сәдібеков адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталатынын айтып, бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.