У. Стамқұлов ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне қайта тағайындалды

АНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Убайдулла Мырзағалиұлы Стамқұлов ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне қайта тағайындалды.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары осындай шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдан бастап ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі лауазымды қызметін атқарып келген Убайдулла Мырзағалиұлы Стамқұловтың осы қызметтегі мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Сенат Төрағасы Қайрат Мәми өзіне берілген құқықты пайдалана отырып, У. Стамқұловтың кандидатурасын жаңа 6 жылдық мерзімге қайтадан ұсынды.

Палата депутаттары аталған кандидатты бірауыздан жақтап дауыс берді.