«Наурызда елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілмекші. Бұл энергетикалық жүйеге қалай әсер етеді. Тапшылық азая ма, көбейе ме?» - деп сұрады журналист брифингіде.
Нәби Айтжанов бұл өзгерістің энергетикалық жүйеге әсері болатынын растады.
«Шын мәнінде ол соншалықты әсер етпейді. Иә, электр қуатын тұтыну көлемі кішігірім мөлшерде ұлғаяды. Өйткені «час-пик» кезеңге қосымша сағат қосылады. Дұрысы, электр қуатын белсенді тұтынатын кезең қосымша бір сағатқа ұзарады. Біздің жүйе оған дайын. «Час-пик» кезеңінде электр қуатын тұтыну кішігірім мөлшерде көбейеді», - деді KEGOC басшысы.